Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық 70-тен астам азаматты 32 млн теңгеге сан соқтырып кеткен

Қазақстандық 70-тен астам азаматты 32 млн теңгеге сан соқтырып кеткен

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 13:30
Фото:Zakon.kz Максим Золотухин
Ақтөбе қаласы полиция басқармасы туристік агенттік басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 37 жастағы туристік агенттік жетекшісі туристік сапарлар ұйымдастыру және жолдамалар сату сылтауымен азаматтардан ақша қаражатын қабылдаған. Алайда ол өзіне алған міндеттемелерін орындамай, салдарынан клиенттер ақысын төлеген туристік жолдамаларынан да, қаражаттарынан да айырылған.
"Қазіргі уақытта полицияға 70-тен астам азаматтан арыз түскен. Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 32 млн теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы мен жәбірленушілердің нақты саны анықталуда. Іс аясында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр",- делінген ақпаратта.
Полиция аталған туристік агенттіктің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Ақтөбе қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөліміне (Ақтөбе қаласы, 11-ықшамаудан, 51 "А" мекенжайы) немесе тұрғылықты жері бойынша жақын орналасқан полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.

12 маусым 2026 ж. 287 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031