Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар 25 трлн теңге несие алған

Қазақстандықтар 25 трлн теңге несие алған

Қазақстандықтар 25 трлн теңге несие алған
Фото:istockphoto.com
Қазақстандықтардың несие жүктемесі артып келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының несие портфелі 25 триллион теңгеге жеткен. Оның үштен екісінен астамын тұтынушылық несиелер құрайды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі – халықтың қарыз жүктемесін азайту және қаржылық белсенділігін арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстарды Ұлттық экономика министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жүргізіп келеді.

«Халықтың несие жүктемесі мен тұтынушылық несиелердің өсуіне ерекше тоқталғым келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының несиелері 25 триллион теңгеге жетті. Оның үштен екісінен астамы – тұтынушылық несиелер, көлемі 10 триллион теңгеден асады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді», – деді Азамат Әмрин.

Бірінші кредиттік бюроның талдау орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың барлық қаржы ұйымдары алдындағы өтелмеген берешегі 27,5 триллион теңгені құраған. Орта есеппен бір қарыз алушының мойнында 4,4 несие бар, ал екі және одан да көп несиесі бар борышкерлердің үлесі 76 пайызға жеткен.


11 маусым 2026 ж. 186 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930