Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар несиені мұқтаж болғаннан алмайды – Министр

Қазақстандықтар несиені мұқтаж болғаннан алмайды – Министр

Фото: Primeminister.kz
Үкіметте өткен брифинг барысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы несие беру көлемінің күрт өсуін түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, тұтынушылық несиелер санының артуы халықтың кедейленуін білдірмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі жалпы несие көлемі 20,9%-ға өсіп, шамамен 34 триллион теңгеге жеткен.
Оның ішінде:
• Бизнестің несие алу көлемі 16%-ға өсіп, 13 триллион теңге болды;
• Халықтың несие алу көлемі 24%-ға артып, 21 триллион теңгеге жетті;
• Ал тұтынушылық несиелер ең үлкен өсімді көрсетіп, 33,5%-ға артып, 14 триллион теңгеге тең.
Журналистер министрден "Несие алушылар санының артуы халықтың кедейленуін көрсетпей ме?" деп сұрады. Министр Жұманғарин бұл пікірмен келіспе
"Тұтынушылық несиелердің өсуі халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші. Бұл адамдардың мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Олар несиені қалай қайтаратынын ойламай-ақ алады", – деді министр.
Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда азаматтарды қорғауға бағытталған белгілі бір тетіктер қарастырылған. Несие алар алдында азаматтар "ойлануға бір түн" алады – бұл ретте адам шешімін қайта қарауға мүмкіндігі бар дейді ол. Сонымен қатар қарыз жүктемесінің коэффициенті қолданылады. Яғни адамның барлық несиесі оның табысымен салыстырылады және бұл жүктеме жалақының 50%-нан аспауға тиіс.
"Біз бұл шекті 35%-ға дейін төмендетуді ұсынып отырмыз", – деді министр.
Сөз соңында ол азаматтардың жауапкершілігіне сенетінін атап өтті.
"Егер адам несие алса бұл оның қаржылық мүмкіндіктерін есептей алатын, ақылға қонымды шешім қабылдайтын адам екенін көрсетеді. Егер ол үлкен сома алса, оның табысы жоғары екенін білдіреді. Ал егер ол дәрі-дәрмекке несие алса, онда бұл жерде тереңірек қарау керек", – деді Жұманғарин.
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков банктер мен ломбардтардың зейнетақы мен жәрдемақыны табыс көзі ретінде есептеп, төлем қабілеттілікті дұрыс бағаламай несие беріп жатқанын сынға алды. Ол әлеуметтік осал азаматтардан қарызды зейнетақыдан өндіріп алу фактілерін келтіріп, бұл тәжірибені тоқтату үшін зейнетақы мен жәрдемақыны табыс ретінде есептеуге тыйым салу керек деп ұсыныс жасады.

Өмір айнасы
25 маусым 2025 ж. 167 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930