Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үстінде киімі болмаған»: Қызылордада жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті су арнасынан табылды

«Үстінде киімі болмаған»: Қызылордада жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті су арнасынан табылды

Полиция әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан кейбір ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
«Үстінде киімі болмаған»: Қызылордада жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті су арнасынан табылды
фото: www.istockphoto.com
Қызылорда облысының Шиелі ауданында үйінен шығып кетіп, бір тәулік бойы іздеуде болған 16 жастағы жасөспірімнің денесі су арнасынан табылды,– деп хабарлайды Aikyn.kz.
Балсұлу Өмірзақ есімді қыз 2 маусым күні кешке құрбысының шақыруымен үйден шығып кетіп,  қайта оралмаған. Отбасы мүшелері оның жоғын келесі күні таңертең ғана байқап, бірден іздеу жұмысын бастаған.
Туыстарының сөзінше, жасөспірімді еш жерден таба алмаған. Кейін кешкі уақытта оның мәйіті көрші Ыбырай Жақаев ауылындағы су арнасынан табылған. Сондықтан олар оның өліміне қатысты күмәнді жайттардың барын айтты.
– Қызымның үстінде киімі болмаған. Аяқкиімі де жоқ. Киімдері әлі күнге дейін табылған жоқ. Телефоны да жоғалған. Біз оның өлімі кездейсоқ болғанына сенбейміз. Қызымды қинап өлтірген сияқты, – дейді анасы Гүлжайна Қалдыбаева.

Оның айтуынша, марқұмның түн ішінде ауыл шетіндегі су арнасына жалғыз баруы мүмкін емес. Сондықтан олар оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, кінәлілерді қатаң жауапқа тартуды талап етуде.
Ал Қызылорда облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, оның мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатқанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 2 маусым күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір күдіктіні анықтау және ұстау бағытында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан кейбір ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деді облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.
08 маусым 2026 ж. 51 0

Доллар бағамы қандай

07 маусым 2026 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930