Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда баспана бағасы төмендеуі мүмкін

Қазақстанда баспана бағасы төмендеуі мүмкін

Қазақстанда баспана бағасы төмендеуі мүмкін
Фото: Midjourney
Базалық мөлшерлеменің көтерілуі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің өсуі инфляцияны төмендетуге, демек, жалпы баға өсімін, оның ішінде шаршы метр бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
"Мұнда тікелей әсер жоқ шығар: базалық мөлшерлеме инфляцияны төмендетуді көздейді. Ол жалпы инфляцияны және оның құрамдас бөліктерін, соның ішінде тұрғын үй шаршы метрінің құнын азайтуға бағытталған. Сондықтан жалпы баға деңгейі төмендеген сайын тұрғын үй бағасы да тұрақталады деп үміттенуге болады", - деді Сүлейменов Ұлттық банктегі брифинг барысында.
Ұлттық банк басшысы мөлшерлеме экономикалық ықпал етудің тек бір құралы екенін атап өтті. Тұрғын үй нарығына өзге де факторлар әсер етеді: құрылыс материалдарының құны, жобалық және инженерлік жұмыстардың бағасы, жалақы деңгейі және азаматтардың балама құралдарға инвестиция салу мүмкіндігі.
"Мұнда тікелей байланыс жоқ және мұны түсіну маңызды. Дегенмен, базалық мөлшерлеменің төмендеуі экономикадағы жалпы баға деңгейіне әсер ете отырып, тұрғын үй секторындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне де ықпал етуі тиіс", - деп түйіндеді ол.

10 қазан 2025 ж. 186 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 151

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031