Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты https://kaz.inform.kz/news/prezident-memlekettk-tu-koteru-rasmne-katisti-e292aee0

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты https://kaz.inform.kz/news/prezident-memlekettk-tu-koteru-rasmne-katisti-e292aee0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.
Ту көтеру рәсімі
Фото: Ақорда
Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
Өз сөзінде Президент бұл күн қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке екенін атап өтті. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, мерейлі ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз.
– Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны – халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – қазақтығымыздың айбынды үні. Көк туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл наурыз айында ел азаматтары жалпыұлттық референдумға қатысып, конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, жаңа Конституция қабылданып, төл тарихымыздың жаңа парағы ашылды.
– Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды. Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау Конституцияда айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды, – деді Мемлекет басшысы.
Конституцияда мемлекеттік рәміздерге айрықша мәртебе берілген және әрбір адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілген.
– Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз. Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды. Елдің шетін жаудан қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігінің және тұрақтылығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз. Бұл әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетті құрметтеу деген сөз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, 4 маусымда елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Осыдан 34 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы және Әнұраны бекітілді.
Қазақстан байрағы Reddit платформасындағы Flags of the World Tournament онлайн-турнирінде әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Арктикалық дүниежүзілік архивке сақтаулы.
04 маусым 2026 ж. 46 0

4 маусымға валюта бағамы

04 маусым 2026 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930