Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » OpenAI ЖИ қауіпсіздігі бойынша халықаралық ұйым құруды ұсынды

OpenAI ЖИ қауіпсіздігі бойынша халықаралық ұйым құруды ұсынды

 OpenAI АҚШ, Қытай және басқа да елдердің қатысуымен жасанды интеллектіні қадағалау мен реттеудің халықаралық негізін құруды ұсынды.
OpenAI ЖИ қауіпсіздігі бойынша халықаралық ұйым құруды ұсынды
Фото: Midjourney
Бұл туралы Bloomberg агенттігі компанияның жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Криса Лехейн сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, жасанды интеллект технологиялары дәстүрлі сауда және ұлттық мәселелер шеңберінен шығып барады, сондықтан әлемге жаңа жаһандық үйлестіру жүйесі қажет.
OpenAI өкілі болашақ ұйым ядролық энергетика саласындағы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге жауапты Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қағидаттары бойынша жұмыс істей алатынын атап өтті. 
Компанияда мұндай құрылымды құру жолындағы қадамдардың бірі ретінде АҚШ-тың ЖИ стандарттары мен инновациялары орталығы мен жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі ұқсас халықаралық институттар арасындағы ынтымақтастық қарастырылып отыр.
Агенттік мәліметінше, Вашингтонда заманауи ЖИ жүйелері қаржы инфрақұрылымы мен қалалық қызметтер үшін ауқымды қауіп төндіруі мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Сонымен қатар OpenAI АҚШ-тың мемлекеттік зерттеу құрылымдарын озық ЖИ модельдерін кеңінен енгізбес бұрын жабық әрі қорғалған ортада тексеруді міндеттеуді ұсынды.
Бұған дейін Жапонияның ірі банктері киберқауіпсіздікті нығайту және қаржылық инфрақұрылымына кибершабуылдардың алдын алу үшін америкалық Anthropic компаниясының жасанды интеллект технологияларын қолданатыны туралы жаздық.

16 мамыр 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031