Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауа райы күрт суытып, үсік жүреді

Қазақстанда ауа райы күрт суытып, үсік жүреді

Қазақстанда ауа райы күрт суытып, үсік жүреді
Фото: ЖИ
«Қазгидромет» 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия аймақтарынан келген антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде күннің күрт салқындауына себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мамандардың айтуынша, суық ауа массаларын алып келген бұл антициклон алдағы күндері де өз ықпалын сақтайды. Соның салдарынан елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы нөл градустан төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
– Сондай-ақ антициклонның жылжуына байланысты 13 мамырға қараған түні оңтүстік-шығыс аймақтарда да үсік күтіледі. Әсіресе бағбаншылар мен диқандарға сақтық шараларын алдын ала қолға алу керек,– деп хабарлады «Қазгидромет».
Кей өңірлерде күндіз ауа райы салыстырмалы түрде жылы болғанымен, түнгі температураның күрт төмендеуі ауыл шаруашылығы дақылдарына әсер етуі ықтимал.
11 мамыр 2026 ж. 251 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930