Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел қорғандарына лайықты құрмет

Ел қорғандарына лайықты құрмет

Жуырда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, ел дамуына елеулі үлес қосып, ауданымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша ер азаматтар қауымын мерекемен құттықтады.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы елордада өткен мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде – «Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Сайыпқыран сарбаздарымыз – қасиетті Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны. Олар еліміздің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Күштік құрылымдар заң үстемдігін, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Құтқарушылар қатерден қаймықпай азаматтардың амандығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүр. Жауынгерлеріміз күрделі міндеттерді табысты орындап, халықаралық тұрақтылықты нығайту ісіне де зор үлес қосуда» деді.
Расында да, қазақ елінің айбынын асқақтатып, бейбіт өмірдің берік қорғаны болып жүрген сарбаздар мен офицерлердің қызметі – шынайы патриотизмнің үлгісі. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген сөзін жадында ұстап, елі мен жері үшін, халқының қамы үшін қызметін мінсіз атқарып жүрген барша құқық қорғау саласының өкілдері мен ержүрек сарбаздарымызға зор алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміз бен байтақ жерімізді, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің мәртебесі асқақтай берсін! Еліміздің айбынын арттыратын азаматтарымыз, сарбаздарымыз аман болсын! Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларымыз сәтті жүзеге аса берсін! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Айбынды қазақ әскері мәңгі жасасын, – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мерекелік шарада аудан басшысы 2022 жылдан бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келген Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының үлкен сенімімен, қолдауымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуымен барша Қазалы жұртшылығының атынан құттықтадық. Нұрлыбек Машбекұлының Сыр өңірінде басшылық қызмет атқарған кезеңде елге сіңірген еңбегі, қазыналы Қазалы өңірінің дамуына, ауданда елдің игілігіне бағытталған ауқымды жобалардың жүзеге асуына көрсеткен қолдауы үшін аудан халқының атынан шынайы алғысын жеткізді.
Салтанатты іс-шарада құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етіп жүрген бірқатар ер азаматтар қауымы облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, отансүйгіштікке үндейтін патриоттық әндер көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 мамыр 2026 ж. 150 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031