Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда емханаға тіркелу ережесі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда емханаға тіркелу ережесі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда емханаға тіркелу ережесі өзгеруі мүмкін
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда азаматтарды емханаларға тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тиісті жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, қолданыстағы тіркеу тәртібін нақтылау ұсынылып отыр. Атап айтқанда, азаматтың медициналық ұйымның меншік нысанына қарамастан бір ғана емханаға тіркелуі қағидатын бекіту, сондай-ақ қызмет көрсету аумағын айқындау жоспарланған.
Негізгі өзгерістердің бірі – жыл сайынғы тіркеу науқанын алып тастау болуы мүмкін. Сонымен бірге азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы сақталады. Сондай-ақ қоныс аударған жағдайда немесе өз қалауы бойынша емхананы ауыстыру мүмкіндігі де қарастырылған.
Бұдан бөлек, студенттер, курсанттар мен әскери қызметкерлерді қоса алғанда, халықтың жекелеген санаттарын тіркеу тәртібі нақтыланады.
Балалар мен жүкті әйелдерге ерекше назар аударылған. Бұл отбасылық бағыттағы тәсілді сақтау және патронаждық бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.
Сондай-ақ ерікті медициналық сақтандыру шарттары негізінде тіркеу тәжірибесінен бас тарту ұсынылып отыр. Бұл ретте медициналық қызметтер пациент таңдаған ұйыммен жасалған шарт негізінде көрсетіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынылып отырған өзгерістер нақтылаушы сипатта екенін және медициналық көмектің көрсетілу тәртібіне әсер етпейтінін, сондай-ақ халық үшін кері салдарға әкелмейтінін атап өтті.
Жоба 2026 жылғы 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


07 мамыр 2026 ж. 168 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930