Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда міндетті автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Қазақстанда міндетті автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Фото: krisanapong detraphiphat/Getty Images
Қазір полисті екі есе арзан алатын жүргізушілер үшін коэффициент өсірілуі ықтимал. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда міндетті автосақтандыру құны өсуі ықтимал. Елде жүргізушілерге арналған «бонус-малус» жүйесін өзгерту жоспарланып отыр. Тиісті құжат жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қоғамдық талқылауға шығарды.
Қазіргі таңда міндетті автосақтандыру полисінің бағасы бірнеше коэффициентке байланысты есептеледі. Соның ішінде «бонус-малус» жүйесі жүргізушінің көлік жүргізу тәжірибесін және оның кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларын ескереді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, жүйедегі ең төменгі әрі ең қымбат саналатын М1 және М2 кластары алынып тасталмақ. Агенттік мәліметінше, бұл санаттарға жүргізушілердің небәрі 0,001 пайыздан азы кірген. Осы өзгеріс арқылы сақтандыру сыйақысының ең жоғарғы мөлшерін 30 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.
Алайда бұл жеңілдік барлық жүргізушіге бірдей әсер етпейді. Құжатта 4-тен 13-ке дейінгі кластардың коэффициенттерін қайта қарау ұсынылған. Соның нәтижесінде міндетті автосақтандырудың орташа құны қазіргі 23 870 теңгеден 28 130 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Ең үлкен өзгеріс жоғары класстағы жүргізушілерге қатысты болуы ықтимал. Мәселен, қазір 13-кластағы жүргізушілер үшін коэффициент 0,5 болып, полис бағасын екі есе арзандатуға мүмкіндік береді. Ал жаңа жобада оны 0,7-ге дейін көтеру ұсынылған. Агенттік бұл өзгерістер сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, жол апатынан зардап шеккендерге өтемақыны уақытында әрі толық төлеуге мүмкіндік береді деп есептейді. Сонымен қатар, жаңа тәсіл сақтандыру тарифтерін икемдірек етіп, жүргізушінің жолдағы тәртібіне қарай әділ баға қалыптастыруға бағытталған. Құжат жобасын қоғамдық талқылау 20 мамырға дейін жалғасады.

06 мамыр 2026 ж. 112 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031