Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "100 балаға 33 қарттан келеді": Елімізде қариялардың саны артты

"100 балаға 33 қарттан келеді": Елімізде қариялардың саны артты

Мұндай статистиканы Energyprom.kz жариялады.  

Фото: 
ЖИ көмегімен жасалды
Яғни Қазақстанда қариялар саны артып, балалардың саны, керісінше азайған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сарапшылардың мәліметінше, 2021 жылы 100 балаға шамамен 27 қариядан келген, яғни, көрсеткіштің әлдеқайда төмен болған.
Әсіресе қала тұрғындары жылдам "қартайып" барады. Егер 2021 жылы қалаларда әр 100 балаға 29-ға жуық қарт адамнан келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 35-ке жетті.
Ауылда өсім бар: қарттар саны 24-тен 30-ға дейін көбейген.
Аймақтардағы жағдай тіпті алаңдатарлық. Кейбір облыстардың халқы қартайып кеткен. Ең жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркеліп отыр.
Өңірлерде жақын арада қарт кісілердің саны балалармен теңесіп қалуы мүмкін. Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында да халықтың жасы айтарлықтай өсіп кеткен.
Ал еліміздің оңтүстік өңірлері мен батыс аймақтарында жастардың саны айтарлықтай көп. Бірақ бұл жерлерде де қарттар үлесі біртіндеп артып келеді.
Бұған бала туу көрсеткішінің төмендеуі және 65 жастан асқан адамдардың көбеюі басты себеп.
28 сәуір 2026 ж. 53 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930