Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
21 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









