Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылша кеңінен таралған өңірлер аталды

Қызылша кеңінен таралған өңірлер аталды

Қазақстанда қызылша сырқаттанушылығы 30%-ға төмендеді
Фото: depositphotos
Астана мен Павлодар қызылша жұқтыру бойынша көш бастап тұр.
Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалуда. Мәселен, соңғы бір аптаның ішінде инфекция жұқтыру жағдайларының саны шамамен үштен бірге азайды. Сонымен қатар, сырқаттанушылардың басым бөлігі екпе алмағандар болып отыр, бұл екпенің тиімділігін дәлелдейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес соңғы аптада қызылшаның 212 жағдайы тіркелген, ал оның алдындағы аптада - 302 жағдай тіркелген. Бұл сырқаттанушылықтың 30%-ға төмендегенін көрсетеді.

Ең көп сырқаттанушылық келесі өңірлерде тіркелген: Астана қаласы - 46 жағдай, Павлодар облысы -38 жағдай, Алматы қаласы - 20 жағдай, Қарағанды облысы - 19 жағдай, - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде қызылшаның 4 240 жағдайы тіркелген, оның ішінде 76,4%-ы егілмегендер. Егілмегендердің арасында балалардың едәуір бөлігі екпеден бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер немесе екпе жасына жетпеу себептеріне байланысты вакцинацияланбаған.

Жыл басынан бері қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда 1 жастағы 69 мың бала және 6 жастағы 66,8 мың бала егілді. Сонымен қатар, қосымша иммундау шеңберінде шамамен 1,5 млн адам, оның ішінде кіші жастағы балалар мен қауіп топтарына жататын тұлғалар екпе алды. Сондай-ақ, толықтырушы иммундау жүргізілуде: жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі 58,2 мың бала мен жасөспірім қамтылды, - делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда қалып отыр, ал вакцинациялау профилактиканың ең тиімді шарасы болып қала береді.

Еске салайық, бұған дейін қызылша асқынуы мүмкін екенін айтып, министр ата-аналарға шұғыл үндеу жасады.
17 сәуір 2026 ж. 93 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930