Биыл жеңіл өнеркәсіп саласында 8 ірі жобаны іске асыру жоспарланды

Фото: freepik.com
Бұл жайында ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ брифингінде айтты., деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп секторында 1450 кәсіпорын, 836 тігін кәсіпорындары, 489 тоқыма бұйымдарын өндіру және 125 былғары және оған қатысты өнімдерді өндіру кәсіпорындары жұмыс жасайды.
«Былтыр еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында 600-ден астам жұмыс орны ашылып, 13 инвестициялық жоба іске асырылды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: Ақтөбе облысында жүнді өңдеу жобасы, Атырау облысында тоқылған полипропилен геоматасын өндіру зауыты және Түркістан облысында тоқыма бұйымдарын өндіру жөніндегі мақта кешенінің I кезеңі», - деді спикер.
Ал, биыл 8 жобаны енгізу жоспарланған. Олардың ішінде Шымкент қаласындағы Аралас және мақта маталарын өндіру зауыты, Атырау облысында экструзиялық полипропилен геотекстиль кешенінің III кезеңі және Түркістан облысында тоқыма бұйымдарын өндіру жөніндегі мақта кешенінің II кезеңі жобалары бар.
Еске салайық, бұған дейін құс фабрикасы тауық саңғырығынан 15 млн кВт/сағ электр қуатын өндіргені туралы жаздық.












