Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Болашақ" бағдарламасы аясында 500-ден астам ғылыми қызметкер білім алды

"Болашақ" бағдарламасы аясында 500-ден астам ғылыми қызметкер білім алды

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ғылым қызметкерлерін 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Фото: canva
– Бүгінгі таңда ғылыми кадрларды қолдау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім мен технология трансферін дамыту – стратегиялық маңызға ие бағыттар. Бұл ретте "Болашақ" және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламалары ұлттық ғылыми әлеуетті күшейтіп, зияткерлік капиталды арттыруға қызмет етіп отыр, – делінген хабарламада. 
Орталықтың дерегінше, "Болашақ" бағдарламасы аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында 13 мыңнан астам маман даярланып, оның ішінде 500-ден астамы "ғылыми қызметкер" санаты бойынша білімін аяқтаған.
– Түлектердің 61,5%-ы гуманитарлық, 31,7%-ы техникалық, 6,4%-ы медициналық және 0,4%-ы шығармашылық бағыттар бойынша білім алған. Сонымен қатар "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы аясында 1300-ге жуық маман даярланып, олардың 55%-ы гуманитарлық, 39%-ы техникалық, 5%-ы медициналық және 1%-ы шығармашылық бағыттарға тиесілі, – деп хабарлады орталықтан.
Аталған көрсеткіштер елімізде ғылым саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанын айқын көрсетеді. Бұл жетістіктер, ең алдымен, ғылыми қызметкерлердің табанды еңбегі мен үздіксіз ізденістерінің нәтижесі. Олардың ғылыми жаңалықтары мен жетістіктері елдің болашағын айқындап, оның тұрақты дамуына маңызды үлес қосады.
12 сәуір 2026 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930