Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Перуде президенттік сайлау өтеді

Перуде президенттік сайлау өтеді

Перуде президенттік және парламенттік сайлау өтеді. Елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға 35 кандидат үміткер болып отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Фото: Рixabay
Сайлау алдындағы сауалнамалардың нәтижесіне сәйкес, үміткерлердің ешқайсысы респонденттердің 20 пайыздан астам қолдауына ие бола алмаған. Ең танымал кандидат ретінде консервативтік «Халық күші» партиясының жетекшісі Кейко Фухимори аталады. Ол – 1990-2000 жылдары елді басқарған бұрынғы президент Альберто Фухиморидің қызы. Кейко Фухимори бұған дейін үш рет сайлаудың екінші кезеңіне өткен, алайда әр жолы жеңіліс тапқан.
Datum компаниясының 1-4 сәуір аралығында жүргізген сауалнамасына сәйкес, Фухимориден кейінгі орындарда оңшыл-орталық бағыттағы «Барлығы үшін ел» партиясынан үміткер ретінде түсіп жатқан комик Карлос Альварес пен Перу астанасының бұрынғы мэрі Рафаэль Лопес Алиага тұр. Соңғысы оңшыл бағыттағы «Халықтық жаңару» партиясын басқарады.
Бірінші кезеңде жеңіске жету үшін кандидат сайлаушылар дауысының жартысынан көбін алуы тиіс. Егер мұндай нәтиже тіркелмесе, 7 маусымда Перуде сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Оған ең көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім штат губернаторы сайлауына үміткер атанғанын жаздық. 
Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін мәлімдеді.
12 сәуір 2026 ж. 118 0

Кене кіші деме...

11 сәуір 2026 ж. 127

СӘУЛЕТ ПЕН САПА

11 сәуір 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930