Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препарат жыл соңына дейін тіркеуге ұсынылмақ

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препарат жыл соңына дейін тіркеуге ұсынылмақ

Фото: freepik.com
Қазақстанда онкологиялық ауруларға қарсы DVC препараты жыл соңына дейін тіркеуге ұсынылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Үкіметтегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір препарат Астана мен өңірлерде қосымша клиникалық сынақтардан өтіп жатыр.
“Препаратты Назарбаев университеті базасындағы Ұлттық зертхана әзірлеп жатыр. Былтыр бұл препарат адамдарға жүргізілген клиникалық сынақтардың бірқатар кезеңінен өткен. Қазір зерттеу жаңа клиникалық база аясында жалғасып жатыр. Біз клиникалық базаны ауыстырдық. Енді сынақтарды Астанадағы онкологиялық орталық базасында аяқтап жатырмыз. Сонымен қатар Қарағандыдағы бірнеше өңірлік онкологиялық орталықтар да қосылды”, – деді министр.
Оның сөзінше, тіркеудің кешігуі қосымша талаптарға байланысты.
“Ұлттық заңнама талаптарын орындадық. Бірақ енді тіркеу үшін халықаралық регламенттерді де орындау қажет. Ол өте қатаң. Сондықтан тірі адамдарға қосымша клиникалық сынақтар жүргізуге тура келді”, – деді Нұрбек.
Министр бұған дейін сынақтардың Алматыда өткенін, ал қазір Астана мен бірнеше өңірде жалғасып жатқанын айтты.
“Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігімен және дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әзірлеушілер Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын да орындауы тиіс”, – деді министр.
Сонымен қатар министр биыл препарат Қазақстан аумағында тіркелетінін айтты. Ал халықаралық тіркеу бөлек кезең ретінде қарастырылады екен.
“Биыл оны ұлттық деңгейде тіркеп, ресми дәрілік препарат ретінде айналымға енгізуді жоспарлап отырмыз. Тіркеу процесі аяқталған бойда, клиникалар оны пайдалануға мүмкіндік алады”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ғалымдары қатерлі ісікке қарсы препараттың клиникалық сынақтарының жаңа, шешуші кезеңін бастағаны туралы жазған едік.
31 наурыз 2026 ж. 30 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 58

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031