30 наурызда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 30 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда тұман күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 18 м/с.













