Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ел аумағының басым бөлігін тұман басады

Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com
Синоптиктер 28 наурызға Астана, Алматы және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада түнде және таңертең тұман болады. Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Петропавлда да тұман болады.
Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ байқалады. Павлодарда да тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысында шығыс, солтүстік-шығыс желі батысында, солтүстігінде, орталығында 15–20 м/с екпінмен соғады. Күндіз солтүстікте екпіні кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазғанда да желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде де тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысында екпіні 15–20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысы мен Алматы қаласында жылымық пен қар қалыңдығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері алабында қар көшкіні қаупі сақталады. Қарлы беткейлерге шығуға болмайды, тауда абай болу қажет.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15–20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Түркістанда да желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Қызылордада да кей уақыттарда шаңды дауыл байқалады.
Ақтөбе облысында шығыс желі солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с екпінмен соғады. Ақтөбеде желдің екпіні 15 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, шығысында екпіні 15–20 м/с. Атырауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз батысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай болады. Батысында тұман, орталығында шаңды дауыл болжанады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстікке ауысады, батысында, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда түнде және таңертең кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман, найзағай күтіледі. Желдің екпіні күндіз 15–18 м/с болады.













