Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Ресейден қанша ақша алып шығуға болады?

Енді Ресейден қанша ақша алып шығуға болады?

1 мамырдан бастап салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтын құймаларын да елден шығаруға тыйым салынады.
Фото:
pixabay.com
2026 жылғы 1 сәуірден бастап ресейліктерге Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 100 мың доллардан асатын көлемде қолма-қол ақша алып шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тиісті құжатқа Ресей президенті Владимир Путин 25 наурызда қол қойды. Жарлық ресми құқықтық актілер порталында жарияланды.
Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Ресеймен қатар Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.
Айта кетейік, 2022 жылдың наурыз айынан бері Ресейден 10 мың доллардан асатын шетел валютасын алып шығуға тыйым салынған. Алайда бұл шектеу рубльге қатысты қолданылмаған еді.
Сонымен қатар, 1 мамырдан бастап салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтын құймаларын елден шығаруға да тыйым салынады. Ал заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер белгіленген талаптарды сақтай отырып, алтынды шектеусіз алып шыға алады.
Мамыр айының соңында Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр.
26 наурыз 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031