Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді ата-аналар баласының WhatsApp чаттарын бақылай алады

Енді ата-аналар баласының WhatsApp чаттарын бақылай алады

WhatsApp мессенджерінде кішкентай баласы бар ата-аналарға арналған жаңа мүмкіндік енгізіле бастады. Енді ата-аналар балалардың аккаунтын өз бақылауында ұстап, олардың кіммен сөйлесіп жүргенін және қосымшада қалай уақыт өткізетінін реттей алады.
Жаңа функцияның басты мақсаты – баланы қажетсіз байланыстардан қорғау әрі мессенджерді қауіпсіз пайдалануға жағдай жасау. Бұл режимде баланың WhatsApp-тағы әрекеттерін ата-ана шектей алады: мысалы, тек хабарлама алмасу мен қоңырау шалуға ғана рұқсат беріп, басқа мүмкіндіктерді өшіруге болады. Сонымен қатар ата-ана баламен кім хабарласа алатынын өзі белгілейді, қандай топтарға қосылатынын қадағалайды және бейтаныс адамдардан келген сұрауларды тексеріп отырады. Құпиялық баптаулары да ата-ананың бақылауында болады.
Бақылау жүйесі арнайы алты таңбалы PIN-кодпен қорғалған. Бұл - баланың өзі баптауларды өзгерте алмауы үшін енгізілген қосымша қауіпсіздік шарасы.
Функция әлем бойынша біртіндеп іске қосылып жатыр, сондықтан кей өңірлерде кейінірек пайда болуы мүмкін. Функцияны қосу әдісі өте қарапайым: алдымен баланың құрылғысына WhatsApp орнатылады, тіркелу кезінде «ата-ана бақылауындағы аккаунт» нұсқасы таңдалады, телефон нөмірі мен туған күні расталады. Содан кейін баланың аккаунты ата-ананың профилімен QR-код арқылы байланыстырылып, PIN-код қойылады.
13 наурыз 2026 ж. 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031