Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ауадан тәулік бойы энергия алатын құрылғы жасады

Ғалымдар ауадан тәулік бойы энергия алатын құрылғы жасады

Сурет: freepik
Сингапур Ұлттық университеті ғалымдары ауа мен жылуды пайдаланып, үйлерді тәулік бойы электр энергиясымен қамтамасыз ете алатын жаңа құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ecoportal басылымының жазуынша, бұл технология қалыңдығы небәрі 0,3 мм болатын ультра жұқа мата негізіндегі құрылғыдан тұрады.
Құрылғы ауадан энергияны сіңіріп, оны электр энергиясына айналдырады. Ол ауадағы ылғал мен жылудың әсерінен электр қуатын өндіре алады. Нәтижесінде құрылғы 150 сағаттан астам уақыт бойы шамамен 0,7 вольт электр энергиясын өндіреді.
Сонымен қатар бұл технология энергияны өте аз шығынмен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Яғни болашақта ол пайдаланушылардың ай сайынғы электр энергиясына жұмсайтын шығынын азайтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта бұл технология сынақ кезеңінде. Алайда алғашқы нәтижелердің өзі энергетика саласында үлкен өзгерістер болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.
Бұған дейін елімізде ғылым саласындағы әйелдердің үлесі қанша екенін жазған болатынбыз.
11 наурыз 2026 ж. 203 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930