Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қар, жауын-шашын, көктайғақ»: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қар, жауын-шашын, көктайғақ»: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтауда 9 наурызда көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Фото: pixabayФото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда 9 наурызда көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанай облысында ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысы мен солтүстігінде 25, оңтүстігінде 7-12 градус аяз болып, сынап бағаны күрт төмендейді деп күтіледі. Қостанайда 9 наурызда ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз болатыны, түнде аздап қар жауатыны, жаяу бұрқасын жүретіні болжанады.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Қызылордада 9 наурызда кей уақытта тұман болатыны болжанады.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 9 наурызда кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Семейде 9 наурызда күннің екінші жартысында көктайғақ болатыны болжанады.
Түнде және күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, батысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде 9 наурызда кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15 м/с құрайды.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түнде облыстың оңтүстігінде, батысындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 9 наурызда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 9 наурызда түнде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 9 наурызда күндіз жаяу бұрқасын жүріп, күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

09 наурыз 2026 ж. 165 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031