Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқы Паралимпиада-2026: 8 наурызда жарыс жолына кімдер шығады?

Қысқы Паралимпиада-2026: 8 наурызда жарыс жолына кімдер шығады?

Қысқы Паралимпиада-2026: 8 наурызда жарыс жолына кімдер шығады?Фото: depositphotos.com
8 наурыз - Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарының екінші күні, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Біздің паралимпиадашылар спорттың екі түрі бойынша сынға түседі.
Сағат 14:30-да ерлер арасындағы парабиатлоннан отырып жарысатын спортшылардың жеке бәсекесінде Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин жарыс жолына шығады.
Қазақстан үшін күн ерлер арасындағы парабиатлоннан тұрып жарысатын спортшылардың жеке бәсекесімен аяқталады. Сағат 16:30-да Александр Герлиц сынға түседі.
Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Паралимпиада-2026 ойындарындағы алғашқы жарыс күнін өткізді. Спортшылар ерлер арасындағы 7,5 шақырым спринтте бақ сынады: Ербол Хамитов 8-орын, Сергей Усольцев 18-орын, ал Юрий Березин 25-орын алды.
Ал тұрып жарысатындар санатында ел намысын Александр Герлиц қорғап, спринтті 11-орынмен аяқтады.

08 наурыз 2026 ж. 254 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930