6 наурызға ауа райы болжамы

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 06 наурызда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жұма күні Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды.
Циклон: Ел аумағының басым бөлігін қамтиды.
Жауын-шашын: Көп өңірде жаңбыр мен қар жауады, оңтүстік-шығыста — қатты жауын-шашын күтіледі.
Қауіптер: Солтүстік және шығыс өңірлерде боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.
Жел: Желдің екпіні айтарлықтай күшейеді.
06 наурызда түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
Алматы қ.: 06 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Қонаев қ.: 06 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 06 наурызда түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
06 наурызда Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.
Талдықорған қ.: 06 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
06 наурызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 06 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
06 наурызда түнде Ақмола облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.
Астана қ.: 06 наурызда көктайғақ күтіледі.
06 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 06 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
06 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 06 наурызда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
06 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.
Қарағанды қ.: 06 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ.
06 наурызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман.
Жезқазған қ.: 06 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
06 наурызда Шығыс Қазақстан облысының облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Өскемен қ.: 06 наурызда көктайғақ күтіледі.
06 наурызда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Семей қ.: 06 наурызда көктайғақ күтіледі.
06 наурызда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 06 наурызда көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
06 наурызда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 06 наурызда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
06 наурызда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 06 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
06 наурызда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 06 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 06 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
06 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 06 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.
06 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.
06 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда қ: 06 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.












