Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға коммуналдық төлем бойынша артық төленген қаржы қайтарылады: Кімдерге қайта есептеу жасалады?

Қазақстандықтарға коммуналдық төлем бойынша артық төленген қаржы қайтарылады: Кімдерге қайта есептеу жасалады?

Фото: pexels.com
Кейінгі уақытта қазақстандықтар коммуналдық қызметтердің төлемі күрт өсіп кеткенін айтып, әлеуметтік желіде жаппай шағымдана бастады. Тұрғындардың айтуынша, ақпан айында келген түбіртектер бұрынғыдан әлдеқайда қымбаттаған. Бұл туралы
Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық экономика министрлігі бұған дейін төлемдердің өсуін қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін көтерілуімен және ауа райының күрт суытуымен түсіндірген еді. Алайда кейбір өңірлерде коммуналдық төлемдер салық өсімінен әлдеқайда көп көтерілгені анықталды.
Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл жағдайға тарифтік реттеушілер тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.
"Біз тарифтердің көтерілмейтінін айттық. Қазір елде коммуналдық қызмет тарифтері ресми түрде өскен жоқ. Егер кейбір өңірлерде төлем негізсіз көбейген болса, тарифтік реттеуші оны анықтап, тұрғындардың артық төлеген ақшасы өтеледі", – деді министр.
Оның айтуынша, кейбір аймақтарда, әсіресе Атырау облысында коммуналдық төлемдердің өсімі ҚҚС мөлшерінің өзгерісінен әлдеқайда жоғары болып кеткен.
Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда ҚҚС 12%-дан 16%-ға дейін өсті. Коммуналдық қызметтердің тарифі ҚҚС-сыз бекітіледі, бірақ заң бойынша төлем түбіртектерінде салық қызмет құнына қосылып көрсетіледі. Соның нәтижесінде төлем сомасы шамамен 3-4 %-ға ғана артуы тиіс. Дегенмен тұрғындар келген түбіртектердегі өсім бұдан әлдеқайда жоғары екенін айтып отыр.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде алматылықтар коммуналдық қызметтердің қымбаттағанына шағымданып, ақпан айындағы түбіртектерін жариялаған еді. Қызмет көрсетуші ұйымдар төлемнің өсуі негізінен ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаюымен байланысты екенін мәлімдеді.
04 наурыз 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031