Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 109 - байланыс қызметі Қызылордада қолжетімді

109 - байланыс қызметі Қызылордада қолжетімді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 10.07.2019 жылғы №152/НҚ бұйрығымен бекітілген «Ақылды қала» эталондық стандартында барлық коммуналдық мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдайтын 109-Бірыңғай байланыс орталығын құру қарастырылған.
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында (2023 жылы Қызылорда облысы толығымен қосылды) «109» бірыңғай нөмірі арқылы коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтінімдерін қабылдайтын 109-Бірыңғай байланыс орталығы (әрі қарай – 109-қызметі) қызмет атқаруда. 109 - қызметі 24/7 жұмыс режимінде, барлығы 28 қызметкермен (4 ауысыммен) телекоммуникация құралдары («109» желісі, мобильді қосымша, әлеуметтік желілер ) арқылы өтінімдерді тіркейді, жауапты мекемелер мен ұйымдарға жолдайды.

2020-2025 жылы аралығында 831 742 қоңырау тіркелді (2020 жылы - 95595 өтінім, 2021 жылы - 111426 өтінім, 2022 жылы - 109061 өтінім, 2023 жылы - 165482 өтінім, 2024 жылы – 167237 өтінім, 2025 жылы – 182 941 өтінім тіркелді).

Азаматтардың мемлекеттік қызмет және коммуналдық мәселелерін шешу, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және ақпарат алу қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту мақсатында қызмет атқарады. Бүгінгі күні тұрғындар «109» нөмеріне хабарласу арқылы бірнеше мәселелерді бір нөмерге хабарласа отырып шешімін таба алады.

Сонымен қатар, 109-қызметі:
- Облыстық сайлау комиссиясының колл орталығы болып жұмыс атқарады;
- «Азаматтарға арналған үкімет» комерциялық емес акционерлік қоғамының бастамасымен 111 «Аманат» колл орталығы (Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша) «109» желісіне қосылды;
- Республикада алғашқы болып «104» желісіне келіп түсетін қоңыраулар «109» желісіне бағытталды;
- «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен «Ерікті көмекке» желісінің колл орталығы болып бекітілді;
- Smart City жобалары аясында Қызылорда облысында iorda.kz порталы көмегімен жеке және заңды тұлғаларға коммуналдық қызметтермен 85 бағыт бойынша қызмет көрсетуде;
- «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының операторы болып бекітілді.
«Көмек-109» АЖ «Smart Qyzylorda», АТЖ «SDU» және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен «Цифрлық қадағалау» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесімен интеграция жұмыстары жүргізілді.
16 ақпан 2026 ж. 65 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728