Таиландта жабайы пілдерге контрацептивтік вакцина егіле бастады
Таиландта адамдар мен жануарлар арасындағы қақтығыстар жиілеген өңірлерде жабайы пілдерге контрацептивтік вакцина егіп жатыр, деп хабарлайды Kyodo..
Фото: iStock
Жағдайдың ушығуы фермерлік шаруашылықтардың орман алқаптарына қарай кеңеюімен және пілдердің тіршілік ету аумағының қысқаруымен байланысты, соның салдарынан олар елді мекендерге жақындай түскен.
Ресми деректерге сәйкес, өткен жылы жабайы пілдер 30 адамды мерт қылып, тағы 29 адамды жаралаған. Егістік алқаптарын жоюдың екі мыңнан астам жағдайы тіркелген.
Жабайы табиғатты қорғау басқармасының басшысы Сукхи Бунсанг Associated Press агенттігіне берген сұхбатында тұрғын аймақтарға жақын маңдағы пілдер санының артуына байланысты олардың санын реттеу қажеттігі туындағанын айтты. Ведомство АҚШ-та өндірілген вакцинаның 25 дозасын алған және бұған дейін жеті үй піліне екі жылдық сынақ жүргізген. Қолданылған жеті доза оң нәтиже берген. Препарат овуляцияны тоқтатпайды, бірақ ұрықтануға жол бермейді.
Қаңтар айының соңында вакцина Трат провинциясында үш жабайы пілге егілді. Қазіргі уақытта қалған дозаларды қолдану үшін жаңа аумақтар анықталып жатыр. Препараттың әсері жеті жылға дейін сақталады; содан кейін жануар қайтадан көбеюге қабілетті болады. Вакцина салынған пілдердің жағдайы препарат әсер ететін бүкіл кезең бойы бақылауда болады.
Бағдарлама табиғатты қорғаушылар тарапынан сынға ұшырады, өйткені олар пілдердің бұл түрінің жалпы саны азаюы мүмкін деп алаңдап отыр. Пілдер Таиландтың тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады және ресми түрде ұлттық нышан болып саналады.
Билік өкілдері бұл шара тек ең жанжалды аймақтарда тіршілік ететін шамамен 4 400 пілдің 800-іне ғана қатысты екенін атап өтті. Бұл өңірлерде популяцияның жыл сайынғы өсімі 8,2%-ға жетеді — бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен (шамамен 3,5%) екі еседен астам жоғары.
Сонымен қатар, ормандарда суаттар мен қоректену алаңдарын жасау, қорғаныс қоршауларын салу, жануарларды елді мекендерден қайтадан жабайы ортаға қайтарумен айналысатын рейнджерлердің жұмысы сияқты қосымша шаралар да жүзеге асырылып жатқан көрінеді.
Ақпан айының басында Кхонкэн провинциясында сот шешімімен пілдер тобын көшіру қоғамдық резонанс туғызды: бір жануар қаза тапты. Ресми тұлғалар алдын ала сараптама нәтижесіне сәйкес, піл көшіру алдында анестезия енгізілгеннен кейін тұншығудан өлгенін хабарлады.
Ұлттық парктер, жабайы табиғат және өсімдіктер департаментінің бас директоры Атапол Чароеншунса оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, сонымен бірге хаттаманың тиісті түрде сақталғанын айтты. Оның сөзінше, болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Таиландта су тасқынынан пілдердің қырылғанын жазған едік.
kaz.inform.kz
Фото: iStockЖағдайдың ушығуы фермерлік шаруашылықтардың орман алқаптарына қарай кеңеюімен және пілдердің тіршілік ету аумағының қысқаруымен байланысты, соның салдарынан олар елді мекендерге жақындай түскен.