Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар анықтады: адам өмірінде орта есеппен 2 рет шын ғашық болады

Ғалымдар анықтады: адам өмірінде орта есеппен 2 рет шын ғашық болады

Сурет: istockphoto.com
АҚШ-та жүргізілген ауқымды зерттеу нәтижесі адамдар өмірінде орта есеппен 2 рет шын ғашық болады, деп хабарлайды turkystan.kz phys.org сайтына сілтеме жасап.
Kinsey Institute ғалымдары 18 бен 99 жас аралығындағы 10 036 жалғызбасты америкалықтан сауалнама алған. Қатысушыларға «Өміріңізде неше рет шын ғашық болдыңыз?» деген сұрақ қойылған.
Зерттеу нәтижесі Interpersona ғылыми журналында жарияланды. Негізгі көрсеткіштерге қарасақ, адам орта есеппен 2,05 рет ғашық болады, респонденттердің 14%-ы мұндай сезімді мүлде бастан өткермеген. 28% – бір рет, 30% – екі рет, 17% – үш рет, 11% – төрт және одан көп рет ғашық болған. 
Ғалымдардың айтуынша, көп адам үшін шын махаббат – өмірде сирек кездесетін ерекше тәжірибе. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасындағы көрсеткіштерден айтарлықтай айырмашылық байқалмаған. Ал егде жастағы адамдар жас кезіндегіге қарағанда орта жастан асқанда мұндай сезімді көбірек бастан өткергенін айтқан.


13 ақпан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728