Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
8 ақпанда Астана мен Атырауда ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. «Қазгидромет» мамандары тұрғындарға сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ауа сапасы неге нашарлайды?

Синоптиктердің болжамынша, жексенбі күні түнде елорда мен Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орнайды. Бұл терминді мамандар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Ауаның ластануына мынадай себептер әсер етпек:
  • Желдің болмауы немесе тым әлсіз соғуы;
  • Қалың тұман;
  • Инверсия (ауа температурасының ауытқуы).
Мамандар ауа сапасы нашарлаған уақытта тұрғындарды, әсіресе созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қантамыр жүйесінің ақауы және аллергиясы бар жандарға сақ болуды ескертті.
«Мұндай күндері далада, әсіресе автокөлік жолдары мен өндіріс орындарына жақын жерлерде ұзақ жүрмеген абзал. Созылмалы ауруы бар азаматтар қажетті дәрі-дәрмегін жанында ұстағаны жөн», — делінген хабарламада.



08 ақпан 2026 ж. 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930