Қар аралас жаңбыр жауады: Бүгін ел аумағында күн райы қалай құбылады
Жауын-шашын болады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 5 ақпан, бейсенбіге арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті. Оған сәйкес, кейбір өңірді табиғаттың тосын сыйы күтіп тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Метеорологтар белсенді оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды жүйелердің жылжып өтуіне байланысты республикамыздың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталатынын нақтылайды.
"Жауын-шашын болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте тоқтаусыз қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін", деп хабарладаы синоптиктер.
Тек еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа боран, тұман, көктайғақ жатқызылады.









