Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарызынан құтылып, жаңа таныстық берік қарым-қатынасқа ұласады: Ақпан айына арналған жұлдыз жорамал

Қарызынан құтылып, жаңа таныстық берік қарым-қатынасқа ұласады: Ақпан айына арналған жұлдыз жорамал

Фото: Ru.freepik.com
Ақпан айында жұлдыздар тек түйсікке сүйеніп, ойланбай әрекет ету қайтымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді. Шалыс басқан қадамдар эмоциялық күйдің нашарлауына, қаржылық шығындарға және жарақат алу қаупінің артуына себеп болмақ. Stan.kz ақпан айын арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.

Тоқты
Тоқтылар – іс-әрекеттің адамдары. Олар алға қойған мақсаттарына тура әрі табандылықпен ұмтылатын жандар. Алайда 2026 жылдың ақпан айында “Мақсат бар, кедергі жоқ” деген ұстанымның өздеріңізге зияны тиіп кетуі мүмкін. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, өз сезімдеріңізді талдауды үйренген жөн. Асығыс, ойланбай шешім қабылдаудан аулақ болыңыз, нақты жоспар құрып, оны жақын адамдармен талқылағаннан кейін ғана іске кірісіңіз.

Торпақ
Ақпан айында торпақтардың адамдармен қарым-қатынастың жақсарып, қаржылай тұрақты болады. Әрине, бұл өздігінен бола салмайды: алдымен шығармашылық әлеуетіңізді белсенді етіп, өзгерістерге жол ашуға тура келеді. Ақпан айында шығармашылықта торпақтардың табысқа кенелетіні сонша, айналасындағы адамдардың назарын өзіне аударады, көңілін тапқысы келетін адамдар да пайда болуы мүмкін. Ортақ қызығушылықтардан басталған таныстықтар берік қарым-қатынасқа ұласуы ықтимал.

Егіздер
Ақпан айында егіздер адамдармен қарым-қатынас орнату қабілетімен және ұсақ-түйекке мұқият болумен сыналады. Біріншісінде қиналмауы мүмкін, өйткені Шолпан ғаламшары адамдар арасындағы байланысты жақсартатын жағымды энергия сыйлайды. Алайда екіншісі егіздер үшін қиынға соғуы ықтимал. Жылдам ойлайтын егіздер кейде тым асығып, артық әбігерге салынады. Соның салдарынан келісімшарттарда қателіктерге бой алдырып, дау-жанжалға араласып немесе алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар.

Шаян
Ақпан айы Шаяндар үшін сәтті болмақ. Шаяндарға күмәншілдік, жоғары эмоциялық сезімталдық және көңіл күйдің құбылмалы болуы тән. Кейбір жағдайларда ішкі жан толқыныстары тіпті “физикалық” деңгейде, атап айтқанда, жүрек айну, құсу және асқазан-ішек жолдарына қатысты басқа да мәселелер түрінде көрініс табады. Жұлдыздар осы айда жақын достарыңыз бен туыстарыңыздан көмек сұрауға кеңес береді. Әсіресе үлкен буыннан алған ақыл-кеңесі аса құнды болмақ. Егер мазасыздық қалыпты өмір сүруге кедергі келтіріп, артқа шегінуге мәжбүр етсе, өзіңізді шығармашылық арқылы қалыптастырыңыз.

Арыстан
Ақпан арыстандар үшін жақындармен арадағы түсініспеушіліктермен басталуы мүмкін. Жобалардың тоқырауы, ұжымдағы кикілжіңдердің де болуы ықтимал. Ақшаға қатысты мәселелерде абай болған дұрыс, өйткені бұл айда қабылданған шешімдер кейін қаржылық жағдайыңызға әсерін тигізуі мүмкін. Айдың екінші жартысында жағдай жақсарады. Күш-қуат көбейіп, көңіл-күй көтеріледі. Жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік туады, ал олардың кейбірі жұмыс пен шығармашылықта жақсы өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Бикеш
Бикештер бұл айда серіктестеріне айтарлықтай әсер ете алады. Бұл махаббатта да, жұмыста да байқалмақ. Сөзіңіз бен әрекетіңіз алдағы бірнеше айдағы қарым-қатынастың бағытын анықтайды. Адамдармен ашық, шынайы сөйлесіңіз, сабыр сақтауға тырысыңыз. 2026 жылдың ақпанында сізге көмектесетін басты қасиеттер – өз қателіктеріңізден сабақ ала білу және байқампаздық. Қаржы жағынан бұл ай бикештерге қолайлы болады. Қарыздарды қайтаруға немесе несиелерді мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік бар. Ал жаңа қарызды тек аса қажет жағдайда ғана алған дұрыс.

Таразы

Ақпанда таразылар еркіндікке ұмтыла түседі. Өзгерістер жұмысқа, жеке өмірге және қаржылық жағдайыңызға әсер етеді. Егер ескі, дамуға кедергі келтіретін дүниелерден арыласаңыз, бұл өзгеріс болмақ. Ақылға салып әрекет етіңіз, бірақ ең алдымен ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз. Көп кідірмеңіз, әйтпесе жақсы мүмкіндіктерден айырылып қалуыңыз мүмкін.

Сарышаян
Ақпанында сарышаяндар тұрмыс пен денсаулыққа қатысты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол үшін бұл екі бағытта өзіңізді тәртіпке келтіріңіз. Басталған істерді аяқтаңыз, құжаттарды реттеңіз, үйдегі жөндеу жұмыстарын бітіріңіз. Денсаулықты тексертіп, ұйқы мен тамақтану тәртібін жолға қойған дұрыс. Спортпен айналысуды тоқтатпаңыз, бірақ қалжырағанша қиналудың қажеті жоқ. Кардио және созылу жаттығуларын жасаған пайдалы.

Мерген
Ақпанда мергендерге көптеген тың идеялар келеді және қызықты жайттарға тап болады. Олар өздерін тәртіп пен жинақылыққа үйретеді. Бірақ бұл еркіндікті сүйетін мергендерге ұнай қоймауы мүмкін. Дегенмен егер мергендер көп істің ішінен біреуін таңдап, соған тиянақты түрде көңіл бөлсе, өте жақсы нәтижеге жетеді. Сондықтан бұл айдағы басты міндет – көптеген бағыттың ішінен бір жолды таңдай білу. Мысалы, музыкант мергендерге жеке әндермен айналысқаннан гөрі, бір альбом жазуға толық көңіл бөлген дұрыс.

Тауешкі
Бұл кезеңде тауешкілер үшін ең басты мәселе – үй мен отбасы. Олар отбасымен басқа жерге қоныс аударып, балалар тәрбиесіне кірісіп, үй шаруасын бөлісіп немесе үйдің ішін өзгертуге ат салысуы мүмкін. Тіпті уақыт жоқ, жұмыс көп болса да дөрекілік пен шыдамсыздықтан аулақ болыңыз, Жұмыс күте тұрады, қазір бастысы жақындарыңызды естіп, тыңдай білуді үйрену. Осы айда тауешкілер келісімге келуді үйренеді.

Суқұйғыш
Айдың басында суқұйғыштар өздерін жайсыз сезінуі мүмкін. Бір жағынан ой айқындалып, шабыт пен жаңа идеялар келеді. Екінші жағынан, күтпеген жағдайлар көзқарасыңыз бен ойыңызды өзгертуі ықтимал. Жұлдыздар суқұйғыштарға дамуға, жаңа белестерге ұмтылуға кеңес береді. Егер көптен бері шет тілін үйренгіңіз келсе немесе жаңа мамандық меңгеруді ойлап жүрсеңіз қазірден кірісіңіз!

Балықтар
Ақпан айы балықтар үшін шығармашылыққа толы уақыт болады. Өнер мен шығармашылықта олар өзін суда жүзген балықтай еркін сезінеді. Алайда айдың тұтылуы оқиғаларда хаос пен күтпеген жағдайларға себеп болуы мүмкін. Мысалы, адамдармен қарым-қатынас орнатуыңыз қиындайды. Дегенмен табандылық пен қажыр-қайратқа келгенде балықтарға жететін ешкім жоқ. Ойланып жүрген ойларыңызды жүзеге асыруға басқа адамдардың қажет екенін сезіну және эмпатия көмектеседі.
01 ақпан 2026 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728