Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде доллар мен еуро қайта қымбаттады

Елімізде доллар мен еуро қайта қымбаттады

Karola G / Pexels
Ұлттық банк жаңа бағамды бекітті. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда валюта нарығында доллар бағамы қайта нығайып келеді. Ұлттық банк 2026 жылғы 28 қаңтарға арналған шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамдарын жариялады.
Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, АҚШ доллары 502,27 теңге деңгейінде бекітілді. Еуро бағамы 597,15 теңгені, ал фунт стерлинг 688,21 теңгені құрады. Сондай-ақ бірқатар өңірлік және көрші елдердің валюталары бойынша да ресми көрсеткіштер жаңартылды. Ресми бағамға сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктерінің дирхамы 136,78 теңге, Қытай юані 72,22 теңге, Түркия лирасы 11,57 теңге болды. Ресей рублі 6,57 теңгеге бағаланды. Украина гривнасы 11,69 теңге, Қырғызстан сомы 5,74 теңге деңгейінде тіркелді. Сонымен қатар kurs.kz порталының мәліметінше, еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде валюталар нарықтық сұранысқа сай әртүрлі бағамен сатылып жатыр. Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар 503–506 теңге аралығында сатылса, еуро 597–601 теңге, рубль 6,52–6,61 теңге шамасында ұсынылуда. Астанада доллар бағамы 502–509 теңге аралығында құбылып тұр. Еуро 593–603 теңге деңгейінде сатылып жатыр. Ресей рублінің бағасы 6,40–6,65 теңге шамасында қалыптасты. Шымкент қаласында доллар 504–506 теңге, еуро 594–600 теңге, ал рубль 6,51–6,60 теңге аралығында саудалануда. Сарапшылардың пікірінше, доллар бағамының қайта өсуі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен қалыптасып отыр. Валюта нарығындағы жағдай алдағы күндері де сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін. 


28 қаңтар 2026 ж. 114 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031