Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр аралас қар жауады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр аралас қар жауады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтар антициклонның ықпалында болады.
Фото: istockphoto.com
27-29 қаңтар күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, республиканың басым бөлігін қамтиды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ел аумағында қар жауады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтар антициклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде тынық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Кезеңнің басында батыс және солтүстік облыстарда аязды ауа райы болады, түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болады. Кейін ауа температурасының жоғарылауы болжанады: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°С-қа дейін, күндіз -2…-12°С-қа дейін.
Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді: түнде -3…-18°С, таулы аудандарда -15…-23°С, күндіз 0…-7°С, таулы жерлерде -8…-15°С болады.
27 қаңтар 2026 ж. 245 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930