Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кейбір курорттар туристер ағынының көбеюіне дайын болмай жатыр – министр

Кейбір курорттар туристер ағынының көбеюіне дайын болмай жатыр – министр

Курорттық аймақтардың басым бөлігінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ.
Фото: Pixabay.com
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туризм саласындағы шешілмеген жүйелі мәселелерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ең алдымен, бұл – курорттық аймақтардың инфрақұрылымы. Мемлекет басшысының туристік бағыттардың жай-күйін дұрыстау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Президент Әкімшілігі және Үкімет Аппаратының инспекторларымен Бурабай, Баянауыл, Катон-Қарағай, Балқаш, Қапшағай, Алакөл, Маңғыстау курорттық аймақтарына тексеру жүргізілді. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарындағы курорттық аймақтарда сумен қамтамасыз ету және орталықтандырылған кәріз жүйесі мәселелері әлі де шешілмеген. Суды, соның ішінде ұңғымаларды пайдалану мәселесіне арнайы назар аудару қажет", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бұл мәселе, әсіресе, Алакөл жағалауында аса өзекті болып тұр. Ербол Мырзабосынов Алакөл көлінің екі беттегі жағалауында да жағаны бекіту жұмыстарын жүргізу қажет деп отыр. 
"Мысалы, Абай облысындағы бірқатар демалыс базалары қауіпті жерде, оларға су тым жақындап қалған. Осыған байланысты бұл мәселені шешуді кейінге қалдыруға болмайды. Сонымен бірге Каспийдің және Жетісу облысындағы Алакөл жағажай аймақтарында судың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет", – деді министр.
Бұдан басқа кейбір курорттар туристер ағынының көбеюіне дайын болмай жатқаны да белгілі болды. 
"Бурабай курорттық аймағында маусымның қызған шағында кептеліс болуда. Ал Балқаш көлі бағытында жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жетіспейтіні, жанармайдың тапшылығы, яғни жанармай құю станцияларында сағаттап тұратын кезектер байқалады. Барлық дерлік курорттық аймақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ деуге болады", – деді ол.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов аталған мәселелердің бәрін шешу үшін басым туристік аумақтардағы инфрақұрылымдық жобаларды жалпы ел үшін маңызы бар және аса маңызды объектілермен теңестіруді ұсынды.
27 қаңтар 2026 ж. 75 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 135

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 135

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031