Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық арасында кең тараған ескі банкноталардың мерзімі аяқталады: қазақстандықтар не істеуі керек

Халық арасында кең тараған ескі банкноталардың мерзімі аяқталады: қазақстандықтар не істеуі керек

Фото: freepik.com
Ұлттық банк халық арасында кең тараған ескі 10 000 теңгелік банкноталардың жаңа купюралармен айналымда қатар жүру мерзімін ұзартуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елімізде «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясы кезең-кезеңімен шығарылып келеді. Ұлттық банктің ақпаратынша, осы жылдың соңына жоспарланған 20 000 теңгені есепке алмағанда, барлық номиналдағы банкнота айналымға шығып болған.
«Жаңа банкноталарды шығару кезінде ескі және жаңа купюралардың айналымда қатар жүретін кезеңі болады. Яғни, азаматтар сауда-саттықта ескі ақшамен де төлем жасап, оларды жаңасына айырбастай алады деген сөз. Осы уақыт аралығында банктер жаңа банкноталармен жұмыс істеу үшін өзінің банкоматтары мен кассалық жабдықтарын баптайды. Бұл тәсіл ақша ауыстыру кезінде халық пен бизнесті асықтырмай, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейін созылғандықтан, халық пен бизнес ескі ақшаны жаңасына еш кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік алды. Қазір айналымда қалған ескі үлгідегі банкноталардың көлемі 1%-дан аз. Олар банктерге кейін де түсе береді, ал кейбір бөлігі жоғалып, сыртқа әкетілуіне немесе коллекция түрінде сақталуына байланысты қайтпауы да мүмкін», - деп түсіндірді Ұлттық банк.
Ал биыл номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:
  • 10 000 теңге – 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
  • 2 000 теңге – 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін.
Осыған байланысты Ұлттық банк халық көп пайдаланатын ескі 10 мың теңгелік банкноталардың мерзімін ұзартуды көздеп отыр.
«Ұлттық банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған. Оның үстіне 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар болу уақыты бір мезгілде аяқталатындықтан банк жүйесіне қосымша ауыртпалық салуы мүмкін. Сол себепті, мерзімді ұзарту халық пен бизнеске ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайға қарай ауыстыруға көмектеседі, сондай-ақ ескі үлгідегі банкноталардың табиғи тозуын қамтамасыз етеді», - деді ведомстводағылар.
Сондай-ақ банктер мен Қазпошта ескі үлгідегі банкноталарды жаңасына тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық банктің филиалдары мерзімсіз айырбастауға міндетті.
Ұлттық банк жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар болған кезеңде заңды төлем құралы болып қала беретінін, олар өз құнына сай елдің бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдарда, банк шоттарына есептеуде қабылдауға жататынын нақтылады.


26 қаңтар 2026 ж. 126 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031