Алдағы күндері ірі қалаларда ауа райы қалай құбылады?
Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ байқалады.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының болжамына сәйкес, 2026 жылғы 22–24 қаңтар аралығында Астанада қар жауып, боран соғып, аяз күшейеді. Алматыда көктайғақ пен тұман болады, ал Шымкентте жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астана қаласы бойынша ауа райы
22 қаңтар: Аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран болады. Желдің екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –21…–23°, күндіз –17…–19°.
23 қаңтар: Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –22…–24°, күндіз –18…–20°.
24 қаңтар: Аспан бұлтты, кей уақыттарда қар жауып, боран байқалады. Жел секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –23…–25°, күндіз –15…–17°.
Алматы қаласы бойынша ауа райы
22 қаңтар: Аспан бұлтты, жауын-шашын болмайды. Кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде –8…–10°, күндіз 0…+2°.
23 қаңтар: Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауып, тұман мен көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде –10…–12°, күндіз –4…–6°.
24 қаңтар: Аспан бұлтты, түнде қар жауады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Ауа температурасы түнде –12…–14°, күндіз –2…–4°.
Шымкент қаласы бойынша ауа райы
22 қаңтар: Аспан бұлтты, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, төменгі боран, көктайғақ пен тұман күтіледі. Күндіз кей уақытта нөсер жауын-шашын болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…+2°.
23 қаңтар: Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауып, көктайғақ пен тұман болады. Жел секундына 9–13 метр. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз –3…–5°.
24 қаңтар: Аспан бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Ауа температурасы түнде –8…–10°, күндіз 0…+2°.









