Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыз қалған қазақстандықтар әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек?

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек?

Жұмыстан босатылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлем 1 айдан 6 айға дейін беріледі.
Жұмыссыз қалған қазақстандықтар әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек?
Фото: www.istockphoto.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша,  Қазақстандағы жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік төлемдер туралы деректерді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылдың нәтижесі бойынша, Жұмыспен қамтудың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем алған азаматтар саны 354,2 мың адамға жетті. Соның ішінде 311,9 мың адамға төлем дәл 2025 жылы тағайындалған. Жалпы, төленген қаражат көлемі 130,4 миллиард теңгеге жеткен.
Жұмыстан босатылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлем 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Төлем мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табыс көлеміне байланысты анықталады. Төлем мөлшері жоғалтқан табыстың 45 пайызына дейін болуы мүмкін.
Төлемді алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
eGov.kz порталында авторизациядан өту;
«Жұмыспен қамту және еңбек» бөліміне кіріп, «Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу» қызметін таңдау;
онлайн өтінімді толтырып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы жіберу;
өтінім берілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде азаматқа қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда мансап орталығының қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы да онлайн алуға болады.
Егер азамат бұрыннан жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі оның телефонына SMS хабарлама жолдайды. Хабарламаға келісім берсе жеткілікті – төлем автоматты түрде тағай
ындалады.
21 қаңтар 2026 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031