Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар, бұрқасын, тұман: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қар, бұрқасын, тұман: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қар, бұрқасын, тұман: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:
depositphotos.com
Қазгидромет синоптиктері дүйсенбіден бастап алдағы үш күнге - 19, 20 және 21 қаңтарға - арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана
19 қаңтарда елордада ауа райы құбылмалы бұлтты болады, күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –20…–22°, күндіз –13…–15°.
20 қаңтарда құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде –17…–19°, күндіз –14…–16°.
21 қаңтарда түнде қар жауып, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: түнде 9–14 м/с, күндіз 3–8 м/с. Түнде –20…–22°, күндіз –15…–17°.

Алматы
19 қаңтарда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 2–7 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –6…–8°.
20 қаңтарда жауын-шашынсыз, кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –3…–5°.
21 қаңтарда да жауын-шашынсыз, кейде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –11…–13°, күндіз –3…–5°.

Шымкент
19 қаңтарда құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде –5…–7°, күндіз –1°-ден +1°-қа дейін.
20 қаңтарда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –8…–10°, күндіз –2…–4°.
21 қаңтарда күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –7…–9°, күндіз +3…+5°.
18 қаңтар 2026 ж. 170 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031