Синоптиктер Қазақстанның 7 қаласының тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жасады
Фото: freepik.com
Синоптиктер 18 қаңтарда Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктер 18 қаңтарда Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Қазгидромет” мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Ақтөбе қалаларында тіркеледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы.
Мұндай жағдайда қала тұрғындарына далада, әсіресе автожолдар мен өзге де ластану көздерінің маңында жүрмеуге кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы ауруларына, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық дерттерге шалдыққан адамдар сыртқа шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ала жүргені жөн.










