Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға Балиге көңілдесін апаруға тыйым салынды

Қазақстандықтарға Балиге көңілдесін апаруға тыйым салынды

Фото: Іstockphoto.com
Индонезияда некесіз жыныстық қатынасқа түсетіндерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ресей Федерациясының Джакартадағы елшілігінің мәліметінше, бұл заң нормасы ел тұрғындарына ғана емес, барлық шетелдік туристерге де қолданылады, яғни қазақстандықтарға да. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дипломатиялық өкілдікте жаңа нормалардың қолданылуы азаматтыққа да, елде болу мәртебесіне де қарай ешқандай ерекшелік жасамайтыны атап өтілді. Тіпті шетелдік саяхатшылар арасында аса танымал Бали аралы да жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуынан тыс қалдырылмаған.

Индонезияның жаңа қылмыстық кодексі 2 қаңтарда күшіне енді. Оған сәйкес, некесіз жыныстық қатынас үшін бір жылға бас бостандығынан айыру көзделген. 2022 жылы қабылданған бұл құжат Нидерландтың отарлық басқаруы кезеңінен бері қолданылып келген заңнаманың орнын басты. Ел тарихында алғаш рет қылмыстық заңнама жауапкершілікті ерлі-зайыптының опасыздығына ғана емес, некесіз кез келген жыныстық қатынасқа, сондай-ақ некені ресми тіркемей бірге тұруға да енгізді.

Айта кететін жайт – жаза тек жақын туыстары немесе заңды жұбайы/жұбайы шағым түсірген жағдайда ғана тағайындалады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтататыны, тізімде Қазақстан бар екені хабарланған еді.
16 қаңтар 2026 ж. 255 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 163

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031