Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі қай ЖОО-ларда суперкомпьютер орнатылған

Елдегі қай ЖОО-ларда суперкомпьютер орнатылған

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министріТалғат Ешенқұлов елдегі қай университтерде суперкомпьютер орнатылғанын және оларды кімдер пайдалана алатынын түсіндірді.
Фото: freepik.com
— Университеттердің барлығы суперкомпьютерлерді пайдалана алады. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде үлкен суперкомпьютерлер орнатылған, — деді Т. Ешенқұлов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол суперкомпьютер арқылы зерттеу жүргізгісі келетін кез келген ғалым аталған оқу орындарына бара алатынын айтты.
Сонымен қатар вице-министр болашақта суперкомпьютерлер басқа да университеттерге орнатылатынын жеткізді.
— Бүгінде орнатылған қуатты компьютерлер қазіргі деректерді өңдеуге жеткілікті. Бұл суперкомпьютерлердің техникалық сипаттамалары өте жоғары, — деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық Alem.Cloud әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді. 

15 қаңтар 2026 ж. 251 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930