Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аязды күндер келе жатыр: Қазақстанда алдағы бірнеше тәулікте 40 градус суық болады

Аязды күндер келе жатыр: Қазақстанда алдағы бірнеше тәулікте 40 градус суық болады

Синоптиктердің болжамы жарияланды
Аязды күндер келе жатыр: Қазақстанда алдағы бірнеше тәулікте 40 градус суық болады
Фото:
istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон айқындайды. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
«15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 15-16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ құбылыстары болжанады. Елдің оңтүстік-шығысында 16-17 қаңтарда қатты қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі», – делінген синоптиктердің болжамында.



14 қаңтар 2026 ж. 306 0

Тазалық пен тағзым

21 сәуір 2026 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930