Мерекеден кейін жұмысқа қайта кірісу: психолог кеңес берді
Фото: depositphotos.comПсихолог Дарья Якуба жаңа жылдық мерекелерден кейін жұмысқа қалай тез кірісуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
"Жұмысқа қайта кірісу кейде стресс тудыруы мүмкін. Бейімделу оңай өтуі үшін алдын ала жұмыс режиміне қайта кірісе бастаған жөн. Мысалы, күніне аз-аздан ертерек тұру қажет", - деді психолог.
ӨЗІНӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН
Маманның тағы бір кеңесі - жұмыс аптасына арналған мәзірді алдын ала ойластырып, азық-түлік сатып алу, киімді дайындап қою. Бұл күнделікті тұрмыстағы күйзеліс пен жұмыс күндеріндегі абыр-сабырдан сақтайды. Сондай-ақ, алғашқы жұмыс күндеріне жоспар құру қажет. Бұл "маңызды нәрсені ұмытып кетемін" деген алаңдаушылықты азайтады.
Жоспар құрғанда психолог тапсырмаларды біркелкі бөлуге шақырды. Алғашқы екі-үш күнді бейімделуге және тез нәтиже беретін жеңіл тапсырмаларға арнаған дұрыс, мәселен, электрон поштаны реттеп шығу. Маңызды шешімдерді, келіссөздерді және ауқымды жобаларды кейінге қалдыру ұсынылады - миға жұмыс ырғағына толық кірісуге уақыт беру керек. Алғашқы жұмыс күндері жұмыс орнын реттеп, айналаңызға жағымды атмосфера жасап, ұнайтын ұсақ-түйек немесе өсімдіктер қоюға болады.
Якубаның айтуынша, тамақтану және дене жаттығулары сияқты факторлар да ағзаның қалпына келу уақытына әсер етуі мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтану және қалыпты белсенділікке уақыт бөлу маңызды.










