Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алакөл жағалауында және Қорғаста казино салынбақ

Алакөл жағалауында және Қорғаста казино салынбақ

MidjourneyЖетісу облысында құмар ойын және туристік нысандар салуға арналған әлеуетті учаскелер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Учаскелер
Толық мәліметті өңірлік туризм басқармасы ұсынды. Олардың дерегінше, Жетісу облысында ойын аймақтарын салуға арналған ықтимал жерлер белгіленген: Алакөл көлінің жағалауынан 25 гектар және Панфилов ауданында – "Қорғас" ХШЫО аумағынан 75 гектар.

Ведомство өкілдері бұл аумақтарда қанша казино салынатыны әзірге нақты емес екенін айтты.

ӨЗІНӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН
"Бұл аймақтарды дамытудың жалпы тұжырымдамасына, сондай-ақ, қала құрылысы мен инфрақұрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болады", – деп түсіндірді басқарма.

Сонымен қатар, құмар ойын орындарының қызметін тек шетелдіктер пайдалана алатыны белгілі.

Казинолардан бөлек, бұл учаскелерде туристік инфрақұрылым да дамытылмақ: қонақүйлер, мейрамханалар, мәдени-сауықтыру және рекреациялық нысандар салу, сондай-ақ, инженерлік және көлік желілерін жақсарту жоспарланған.

Қазір құрылыс жобасы әлеуетті инвесторлармен келіссөз кезеңінде. Басқарманың мәліметінше, инвесторларды айқындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы кезең аяқталып, заңнамада көзделген рәсімдерден өткен соң инвесторлармен тиісті келісімдер жасалмақ.

Туризм министрлігінің сауалнамасы
Қазақстанның бірқатар өңірінде тек шетелдіктерге қолжетімді ойын аймақтарын құру мүмкіндігі бойынша сауалнама жүргізілген.

Туризм министрлігінің дерегінше, Жетісу облысында сауалнамаға қатысқандардың 67 пайызы казино салуға қарсы емес, алайда сауалнамаға нақты қанша адам қатысқаны көрсетілмеген.

Болжам бойынша, 2029 жылға қарай өңірге жыл сайын 36 мыңға дейін шетелдік турист келмек. Бұл, ведомство дерегінше, шамамен 700 жұмыс орнын ашуға және жылына 2,4 миллиард теңге көлемінде салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Төрт облыста казино
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланғаны айтылды. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында пайда болуы мүмкін.

Казино орналастыру жоспарланған орындар:

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауы;
Жетісу облысында Алакөл көлінің жағалауы және Панфилов ауданы;
Алматы облысында Талғар ауданы;
Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл өңірі және Зайсан ауданы.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ойын аймақтарын дамыту туризмді ілгерілетудің құралы ретінде ғана қарастырылатынын, мұндай тәжірибе өзге елдерде кең таралғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол әрбір жаңа казино бюджетке жылына 2–3 миллиард теңге салық түсіріп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
10 қаңтар 2026 ж. 130 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031