Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сандар сиқыры: 2026 жылдан не күтеміз?

Сандар сиқыры: 2026 жылдан не күтеміз?

Сандар сиқыры: 2026 жылдан не күтеміз?
Фото: istockphoto.com
Қаңтардың бірінде күнтізбе ауысып, Жаңа жыл басталды. 2026 жылдың энергиясы қандай болады? Біздің өмірімізге қандай өзгерістер әкеледі? Turkystan.kz сайтының тілшісі 2026 жылға нумерологиялық анализ әзірледі.
Жылдың барлық цифрларын қоссақ (2 + 0 + 2 + 6), 10 шығады, ал оны әрі қарай қоссақ, 1 + 0 = 1 болады. Нумерологияда 1 саны жаңа өмірді, жаңа бастаманы, дербестікті пен көшбасшылықты білдіреді. 2026 жыл – жаңа бастамалар жылы. Себебі биыл жаңа тоғыз жылдық цикл басталып отыр. Биыл алдағы 9 жылдық даму циклының дәні себіледі.
1 санын Күн басқарады. Ал Күн — өмір, жарық пен шығармашылық күш. Демек, 2026 жыл Күннің ықпалында өтіп, белсенді өзгерістерге серпін береді. Өзгеріс пен өсудің энергиясы келеді. Сондықтан 2026 жыл ірі өзгерістер мен күтпеген мүмкіндіктерге толы болады. Себебі ғалам кеңістігінің өзінде алапат энергия айналады. Тоқтап, тежеліп қалған жағдайлар қозғалысқа түседі. Бұрын жабық болған есіктер кенеттен ашылады. Алға жылжымай тұрған істер аяқ астынан қарқын алуы мүмкін. Керісінше, кейбір үйреншікті тіректер шайқалып, жаңа бағдар іздеуге мәжбүр етеді.
Туған күн иелері нені ескеруі керек?
2026 жылы жұлдыздардың ерекше қолдауы мен сәттілігін кез-келген айдың 1, 10, 19 немесе 28-і күні туған адамдар айқын сезінеді. Бұл даталардың соңғы қосынды саны 1 (1; 1+0; 1+9; 2+8 = 10, ал 1+0 — қайтадан 1). Сондықтан бұл күндері туған жандар жыл энергиясымен бір толқында болады. Ғалам мұндай адамдарға өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы — сол мүмкіндікті жіберіп алмау.
1 және 10-ы күні туғандар үшін көшбасшылық рөлді өз мойындарына алатын уақыт келді. Ғалам сізге: ең батыл, ең ауқымды жоспарларыңызды іске асырудан қорықпаңыз деп тұрғандай. Белсенділік пен табандылық сәттілікті өзіне тартады.
19-ы күні туғандар, 2026 жылдың энергиясы сіздің батыл идеяларыңызды қолдайды. Мұндай туған күн адамға ізашар рухын береді, ал алдағы жыл осы ішкі дарыныңызға сенуді ұсынады. Кеңес: жайлылық аймағынан шығуға тәуекел етіңіз. Дәл 2026 жылы сізде бұрын ешкім бармаған жолда алғашқылардың бірі болу мүмкіндігі бар.
28-і күні туғандар, сіздер үшін жылдың ұраны: «Өзіңді сүю — табысқа жетудің жолы». Бірлік энергиясы жеке мақсаттарды бірінші орынға қоюды үйретеді. Жақсы мағынада аздап эгоист болуға өзіңізге рұқсат беріңіз: жеке қажеттіліктеріңізге, өз-өзіңізді дамытуға көңіл бөліңіз. Өзіңізге деген сенім мен артық дүниеге «жоқ» деп айта білу сізге табысқа апаратын есіктерді ашады.
2026 жылдың теріс энергиясы
1 санының жағымсыз энергиясы бар екенін де ұмытпау қажет. 1 – эгоның, биліктің саны. Сондықтан мінез-құлықтың теріс жағын тізгіндемесе, адам бойында тирания белгі беруі мүмкін. Сондықтан бұл жылы амбицияны басқара білу маңызды. Бұл — жеке бастамалар уақыты, бірақ эгоизмге жол беретін уақыт емес. Кейбір адамдар өз мақсаттарына тым беріліп кетіп, айналасындағылардың сезімін елемей қалуы ықтимал. Эгомен күрес күшейеді. Мақсатқа жету жолында шыдамсыздық, тіпті жалғыздық сезімі пайда болуы мүмкін. Тәуелсіздікке ұмтылу – қарым-қатынасты сын тезінен өткізеді. Мұндайда ынтымақтастық пен төзімділік, келісімге келе білу және нәтижені күте білу қабілеті көмекке келеді.
Көшбасшылық жылы ретінде 2026 жыл өзгерістер толқынын әкеледі, бірақ оны әркім бірдей пайдалана алмайды. Оның энергиясы батыл жандар мен жаңашыл жандарды қолдайды. Ал жалқау әрі шешім қабылдай алмайтын адамдарды жарылқамайды.
Ең бірінші не істеу керек?
Сол себепті жыл басында «Мен үшін қандай әдеттер, қарым-қатынастар немесе жобалар өз маңызын жоғалтты?», «Мені не нәрсе артқа тартып, өсуіме кедергі келтіріп отыр?» деген сұрақтардың жауабын табу маңызды. Осы сұрақтардың жауабын тауып, өзіңіз үшін маңызын жоғалтқан қарым-қатынастарға нүкте қойып, қажет емес дүниенің бәрін тастап, жаңа энергияға орын босатып, жаңа бастамаларды қолға алу қажет. Өйтпеген жағдайда өткен жылдардан келе жатқан «жүктер» Жаңа циклда жаңа дүниенің дәнін себуге, жаңа бастамаларға бар күшіңізбен кірісуге кедергі жасайды.
09 қаңтар 2026 ж. 170 0

Бақытқа бастар бір шешім

10 қаңтар 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031