Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді малшылар мен шопандар ерте зейнетке шыға алады

Қазақстанда енді малшылар мен шопандар ерте зейнетке шыға алады

Фото: © istockphoto.com / CihatDeniz
Қазақстанда малшылар мен шопандардың зейнеткерлік жасын төмендету жоспарланып отыр. Бастама 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында қарастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесте 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті дамытудың кешенді жоспары талқыланды.

Фермерлерге 5-6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беріледі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, жоспар практикалық тұрғыда бағытталған қолдау шараларының кешенін қамтиды.

"Құжатта мал шаруашылығын қаржыландыру тетіктерін қалыптастыруға басымдық берілген. Атап айтқанда, барлық мал түрлері бойынша асыл тұқымды мал сатып алуға жылдық 6% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ мал шаруашылығының қосалқы салаларына шектеу қоймай, айналым қаражатын толықтыру үшін 5% мөлшерлемемен несие беру жоспарланған. Бұл қаражат жем-шөп сатып алуға, жанар-жағармай материалдарына, ветеринариялық препараттарға және өзге де өндірістік шығындарға бағытталуы мүмкін", – деді вице-министр.

Құжаттың жеке бір бөлімі кадрлық қамтамасыз етуге және малшыларды әлеуметтік қолдауға арналған. Малшылар мен шопандар үшін зейнеткерлік жасты төмендетумен қатар, келесі шаралар да қарастырылуда:

әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;
мал шаруашылығы саласында еңбек ететіндердің балаларына білім беру гранттарын басымдықпен бөлу;
ауылдық жерлерде тұрғын үй салуды субсидиялау.
Қоғамдық кеңес мүшелері қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарын қолдауды күшейтуді, жайылымдық мал азығын өндіруді дамытуды, егін шаруашылығы субъектілерін мал шаруашылығына тартуды, сондай-ақ ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғауды ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жобасы бірауыздан мақұлданды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отырғанын жазған едік. Осы мақсатта соңғы жылдары ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және жұмыс орындарын құруға бағытталған "Ауыл аманаты" жобасы іске қосылды.
07 қаңтар 2026 ж. 230 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031