Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тұман, боран, көктайғақ»: Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Тұман, боран, көктайғақ»: Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Фото: pixabay.comФото:
pixabay.com

Астана және Қазақстанның 14 облысында 7 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 7 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 7 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларындағы екпіні - 15-20 м/с.Шымкент және Түркістан қалаларында 7 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 7 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 7 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 7 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

07 қаңтар 2026 ж. 297 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 54

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 41

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930