Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қара шайдың бірқатар түрін импорттауға және сатуға тыйым салынды

Қазақстанда қара шайдың бірқатар түрін импорттауға және сатуға тыйым салынды

Қазақстанда қара шайдың бірқатар түрін импорттауға және сатуға тыйым салынды
 Pixabay.com
Елімізде санитариялық талаптарға сай келмейтін қара шайдың бірнеше түрін елге әкелуге және сатуға тыйым салынды.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағына бірқатар шай түрлерін әкелуге және сатуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
«Сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды. Оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді. Бұдан бөлек шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді», - делінген хабарламада.
Шектеу қойылған қара шай атауларының тізімі:
«Апамның шәйі Premium Gold»
«Sultan Suleyman»
«Pakistan Tea»
«БАЛҚИЯ Premium Gold»
«Aje Onim»
«Al-Hayat Gold»
«Al-Jannat Premium»
«Alfarah»
Мамандар тұтынушыларды аталған өнімдерден бас тартуға және тағам қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.
06 қаңтар 2026 ж. 250 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031